Қостанай ауданында дәстүрлі 37-ші спартакиада өтті. Жарысқа ауданға қарасты 15 ауылдық округ пен Тобыл қаласының спортшылары қатысты. Биыл додаға қатысушылар саны артып, 800-ден астам спортшы 15 спорт түрінен сынға түсті. Бұл – аудан спортында бұқаралық қозғалыстың жандана түскенін көрсетеді