Әулиекөл ауданында баспана құрылысы қарқын алуда. Соңғы алты айдың ішінде 2700 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын жайлы қоныспен қамту мақсатында тағы 24 пәтерлік баспана салу жоспарлануда. Жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Аудан көлемінде сондай-ақ, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.