Облыста ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдары көп. Арасында қыз-келіншектер де бар. Жұмысының қиындығына төзіп, кәсібіне адалдық танытып жүрген сондай жандардың бірі - Айнагүл Бекбергенова. Ол Садчиков ауылында орналасқан қожалықта сауыншы болып жұмыс істейді.