Қостанайда ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында өрт-құтқару спортынан Қазақстан чемпионаты өтуде. Елдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бірнеше күн бойы төзімділік пен шапшаңдықтарын сынға салады. Бұл дода – ұлттық құрамаға жолдама беретін басты іріктеу кезеңі. Топ жарғандар Ресей мен Сауд Арабияда өтетін әлем чемпионаттарында бақтарын сынайтын болады.