«Ауыл – ел бесігі» жобасы Қостанай облысында сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұған бірден бір дәлел – Амангелді ауданында атқарылған жұмыстар. Бағдарлама аясында аудан орталығында хоккей корты бой көтереді. Онңы жалпы құны 250 млн теңгеден асады. Сондай-ақ, Амантоғай ауылында 50 орындық спорт нысанының құрылысы басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өлке басшысы Қанат Кеделбаев мәлім етті.