Кеше Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Антон Кистанов кезекте тұрған науқастың шабуылы салдарынан ауыр жарақат алды. Антонға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалудың ауыр деңгейі, шүйде сүйегінің сынығы, төменгі еріннің оң жақ шырышты қабығының жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылып отыр.