Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде елде металлургтер күні атап өтіледі. Ол 2003 жылы мерекелік күндер күнтізбесіне енгізілген. Кәсіби мейрам қарсаңында облыс әкімі тау-кен саласының мамандарын қабылдап, үздіктерге мемлекеттік награда табыстады. Металлургия – ел экономикасының күретамыры. Ал бұл салада еңбек ететін жандардың жұмысы – нағыз ерлік пен адал қызметтің үлгісі, деді Құмар Ақсақалов.