Елімізде білім гранттарына құжат қабылдау басталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен мектеп түлектері енді жоғары оқу орындарына құжат тапсырып, грант нәтижесін асыға күтуде. Қазіргі уақытта өңірдегі жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына келген талапкерлердің қарасы қалың. Тілшіміз қабылдау барысын бақылап, талапкерлердің көңіл-күйімен танысып қайтты.