Жазғы демалыста үйде отырып, жалыққан балалар үшін қуанышты жаңалық. Енді олар уақытын тиімді әрі қызықты өткізе алады. Лев Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқушыларға арналған тегін жазғы лагерь ұйымдастыруда. Балалар арнайы жабдықталған ағылшын тілі кабинетінде түрлі ойындар ойнап, сол арқылы шет тілін де меңгере алады.