Қоршаған ортаға қамқорлық ерте жастан. Облыстың білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үйірмелер көбейді. Оқушылар онда қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасады. Түрлі сенбіліктерге қатысады. Бұл жасөспірімдердің табиғатқа деген құрметін, сүйіспеншілігін арттырады, дейді ұстаздар.