Табиғи монополиялар саласындағы тәртіп пен заңдылық – тұрғындардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі. Қостанай облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына қорытынды жасап, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Монополистерге салынған айыппұлдың жалпы құны 27 миллион теңгеден асқан.