Қостанайда жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 90 көше жөнделеді. Жаңа бағдаршамдар мен аялдамалар орнатылады. Бірақ бұл жетістіктердің тасасында шешімін таппай тұрған мәселе де бар. Қалааралық маршруттардың бірі 120-шы бағыт әкімдік шешіміне қарамастан, әлі күнге дейін субсидияланбаған.