Ал, Науырзымда алғашқы спартакиада алауы 1986 жылы аудан орталығы – Докучаев ауылында жағылған еді. Содан бері бұл дәстүр жалғасын тауып, биыл 38-рет ұйымдастырылып отыр. Жазғы спартакиада ойындары осы жылы Шолақсай ауылында өтті. Ауқымды спорттық шараға ауданға қарасты барлық ауылдан командалар қатысып, спорттың 11 түрінен бақ сынасты.