Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің 30 жылдығы, Астана мен ұлттық домбыра күні. Қостанайда биыл ұйымдастырылған Сабантой осы мерекелерге тұспа тұс келіп, кең көлемде аталып өтті. Татулық пен ынтымақ, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет насихатталып, достығымыз дәріптелді.