Кітап – тек білім көзі ғана емес, адамдар арасындағы байланысты нығайтатын құрал. Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберісінде шағын кітапханалар ашыла бастады. Бұл – тұрғындар арасында мәдени ортаны қалыптастыруға бағытталған тың бастама. Жобаны қолға алған мүлік иелері бірлестіктері бұл арқылы көршілерді жақындастырып, ауладағы тәртіп пен тазалықты арттыруды көздейді.