Жылда дәстүрлі түрде өткізілетін жазғы спартакиада – жастар мен ересектер арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл жарыс дене тәрбиесін нығайтып қана қоймай, ел ішіндегі дарынды спортшыларды анықтауға және олардың кәсібилігін арттыруға орасан мүмкіндік береді. Осындай мақсатта 36- спартакиада алауы Бейімбет Майлин ауданында да лаулады.