Қоғамның рухани бет-бейнесін сомдап, ұлттық болмыстың өзегін айшықтайтын құндылықтардың бірі – мәдениет. Осы ұғымның маңызын тереңнен зерделеп, оның күрделі қырларын көркем оймен қапысыз өрген шығармалардың орны қашан да биік. Солардың бірі ретінде жуырда жарық көрген "Мәдениет те бір майдан" атты кітапты айтуға болады. Авторы – осы саланың майталманы. Нақты фактілерден құралған тың топтама рухани кеңістігіміздегі сүбелі жаңалықтарды ортаға салып, ойлы оқырманға жол тартқан тарихи, тұшымды туынды.