Қостанайда ұлттық рухты ұлықтайтын дәстүрлі көкпар бәсекесі басталды. Төрт күнге созылатын сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 7 команда қатысып жатыр. Шабандоздар шеберлік пен төзімділік танытып, көрермендерге нағыз ат үстіндегі тартысты доданың көрінісін сыйлауда.