«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Экономикалық тергеу департаменті де бірқатар іс-шараларға мұрындық болуда. Олар жазғы мектеп лагерьлерінде оқушыларымен кездесу өткізді. Балаларға интернет-алаяқтықтың түрлері мен белгілері, әлеуметтік желідегі қауіп-қатерлер туралы нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Сонымен қатар қаржылық сауаттылық тақырыбы да кеңінен қозғалды. Ақша басқарудың негізгі ережелері, алаяқтардан қорғану жолдары мен қауіпсіз онлайн-сауда туралы кеңес берілді.