Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардың адалдық ұстанымын бағалап, олардың белсенді әрекеттерін ынталандыруда. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе бұл бағытта көмек көрсеткен азаматтар ақшалай сыйақымен және грамоталармен марапатталады. Жуырда Қостанай облысында адвокат тарапынан 600 мың теңге талап етілген жағдай анықталып, жәбірленуші азамат бірден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген. Бұл өтініштің нәтижесінде қылмыс әшкереленіп, азамат 65 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақыға ие болды.