Олар кәсіби білікті, Отан алдындағы сертке адал болулары керек. Сонда ғана қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына деген сенімі арта береді. Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Қостанайда Қазақстан полициясы күні де аталып өтті. Мерекелік кеште бүгінгі күннің батырлары ұлықталып, міндетін мінсіз атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер шен тақты.