Бронх демікпесі - ең кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлем бойынша 300 миллионға жуық адам осы дертпен ауырады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 90 мыңға жуық. Аталған деректер халықаралық демікпемен күрес күніне арналған жиында айтылды. Іс-шараға Қостанай қалалық нөмірі екінші емхана ұйытқы болды.