Мемлекет басшысы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында елімізде алғаш рет «Заң және тәртіп» апталығын жариялағаны мәлім. Президент тапсырмасы аясында, Қостанайда «Жастар – әділетті қоғамның іргетасы» атты форум өтті. Іс-шараға прокуратура өкілдері, студенттер және қоғам белсенділері қатысты. Форумның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алу.