Озық ойлы ел болу үшін – кітап оқитын ұлтқа айналу қажет. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан сөзі. Президенттің бастамасымен елімізде «100 жаңа кітап» ұлттық жобасы қолға алынғаны мәлім. Акция аясында тұрғындар сүйікті туындыларын ұсынып, дауыс бере алады.