Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйесін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың мән-мағынасы зор. Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері айрықша рөл атқарады. Бүгін - Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі. Осыған орай облыс әкімі журналистика саласының майталмандарын қабылдап, мемлекеттік наградалар тапсырды.