Асқазан-ішек жолдарын зерттеу үшін зонт жұтып, қолайсыз процедуралардан өтудің енді қажеті жоқ. Жаңа технологияның көмегімен бар болғаны шағын камера орнатылған арнайы капсуланы жұту жеткілікті. Бұл заманауи әдіс облыс орталығында да қолжетімді болады. Қостанай - ел бойынша капсулалық эндоскопия жүргізілетін сегізінші аймақ болмақ.