Өңірдегі ірі өндірістік жобалардың бірі – Kia автокөлік зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Пилоттық тексеріс шілде айына жоспарланған. Ал, толықтай іске қосылу уақыты қазанға бекітілген. Алайда, бірқатар мәселе туындауда. Бұл туралы Қостанай қалалық әкімдігінде өткен жиында айтылды.