Уақыт көшін ұстаған тұлғалар болады. Олар теледидардан көп көрінбесе де, жиі еске алынбаса да ел жүрегінде сақталады. Олар дабырасыз, дақпыртсыз қызмет етті. Алайда, әрбір жазбасы ұлттың үніне айнала білді. Сондай сөз құдіретін қадірлеген журналистің бірі - Сақтаған Досмағамбетов. Оқыған мамандығы мұғалім болса да, таңдауы тілшілік тіршілікке түскен аға буын әріптесіміздің еткен елеулі еңбегін еске алудың еш әбестігі жоқ. Төл мереке қарсаңында тіпті жарасымды әрі орынды.