Жасөспірімдер арасында кеңінен таралған электронды темекі өнімдері — қоғам үшін қауіпті құбылысқа айналды. Вейп, хош иістендірілген никотин сұйықтықтары — ағзаны улап қана қоймай, заңсыз айналым арқылы ел экономикасына да зиян келтіреді. Заң қатаң, айыппұл қомақты, бірақ бәрібір нарықта бақылаусыз әрекеттер азаймай тұр. Соған орай сала мамандары «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында тұрақты түрде рейд шараларын жүргізуде.