Қазіргі күні нарықта техникалық мамандық иелері тапшы. 2030 жылға қарай жұмысшы кадрлардың қажеттілігі 1 млн адамнан асуы мүмкін. Ал жалпы жұмыс күшінің жетіспеушілігі 1,8 млн жанға жетеді деген болжам бар. Сол себепті қазірден қам қылып, Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылын жариялады. Осы ретте, Рудный индустриялдық университеті техникалық білімге басымдық беріп отыр. Бұл туралы оқу ордасының ректоры Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.