Жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби және тұрақты желісін қалыптастыру. Жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық әрі тиімді тәсілдерді дамыту. Осыны негізге алған Қостанай облыстық Жастар ресурстық орталығы «Жастар саясаты мектебі» атты оқыту іс-шарасын ұйымдастырды. Семинарда сол сияқты қаржылық сауаттылықты арттыру және жасанды интеллектпен жұмыс істеудің маңыздылығы кеңінен сөз болды.