Шаһарда ауыз су сапасын бақылау жұмыстары жалғасуда. Сумен жабдықтау нысандарынан сынама алынып, санитарлық-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштерге мониторинг жүргізіліп жатыр. Ал олар бекітілген нормативтерге қаншалықты сәйкес келеді? Талдау нәтижелері қалай алынады? Мәселе қалалық әкімдікте талқыланды.