Облыста медицина кадрлары жетіспеушілігі бойынша мәселе бұрынғыдай өзекті. Әсіресе, аудандарда. Соған орай жастарды осы салаға тарту үшін бірқатар жобалар қолға алынуда. Бұл ретте, медициналық кадрлардың әлеуметтік мәселелері басты назарда болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды.