Жыл соңына дейін жалғасатын экологиялық акция еліміздің әр өңірінде жүзеге асып келеді. Ортақ науқаннан облыс тұрғындары да қалыс қалып жатқан жоқ. Табиғатты таза ұстау, айналаға асқан ұқыптылықпен қарауды Федоров ауданы тұрғындары да қаперге алған. Осы ретте елді мекендерді абаттандыру, күл-қоқыстан арылтуға негізделген қам-қарекеттерге  тілшіміз куә болып қайтты.