Қостанайда «TURKfest.kst.2024» республикалық фестивалі басталды. Шара  аясында «Қазақстанның түркі халықтары дамуының ортақ бастаулары мен ерекшеліктері» республикалық конференциясы өтті. Оған Астана, Түркістан қалалары мен Ресей елінің     түркітанушы ғалымдары қатысты. Жиында түркі мемлекеттерінің өңірлік және жаһандық ұйымдардағы, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени рөлі айқындалды.