Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Қостанай ауданының тұрғындары кез келген мәселемен билікке жүгіне алады. Және күн тәртібіне қойылған мәселелер дер кезінде шешімін тауып жатқанын атап өтуде. Әкімнің кезекті қабылдауына келген азаматтар бұл жолы инфрақұрылым мен баспанаға қатысты сауалдарына жауап алды.