Қазан айында Қостанайда "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінім қабылдау басталады. Қала әкімдігі тұрғындардан туған шаһарын көркейту жөнінде ұсыныстар қабылдайды. Жобаның мақсаты - қаланы дамыту және абаттандыру ісіне тұрғындарды қатыстыру. Бастамалары мен ұсыныстарын сараптап, ілкімділерін іске асыру.