«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес, түрлі мекеме қызметкерлері де атсалысуда. Қостанайда кезекті сенбілікті облыстық әділет департаменті ұйымдастырды.