V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына да санаулы күндер қалды.  Дүбірлі додаға Қостанайда да дайындық қызу. Қолөнерші ағайынды Аңқауовтар шара аясында өтетін көрмеге ерекше туындыларын апармақ. Осылайша әлемнің түкпір-түкпірінен келетін дүйім елге ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды насихаттамақ.