Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан ауыл-аймақтар та тыс қалып жатқан жоқ. Қоғамға ортақ науқанға елді мекен тұрғындары да үн қосып келеді. Биыл ғана жүзеге асса да, акция аясында ауылдағы ағайын бірнеше жылдың жұмысын алдын-ала тындырып қойған тәрізді. Көшелер көркейіп, аулалар абаттандырылып, қоршаған орта қайта қалпына келтірілген.