Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шарада ауылдың айшығына айналған қайыңды орман күл-қоқыстан тазартылды. Экоакцияға ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер мен ерікті жастар қатысты.