Қостанайда алимент үшін қарыз 900 млн теңгеге жеткен. Оны өндіріп алудың түрлі тәсілдері қолданылғанмен, нәтиже шамалы. Прокурорлар, борышкерлерді енді мәжбүрлі түрде жұмысқа орналастырады. Осы мақсатта облыс орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.