Мемлекеттік тапсырыс аясында тиімді жұмыс  істеу – дәріс сабағында белгіленген басым бағыттардың бірі. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің журналистика факультетінің доценті Қанат Әуесбай бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатудың тетіктеріне тоқталды. Жаңа технологиялардың қарқынды дамыған замананыда   медиа жоспарлау, ақпаратты  тарату тәсілі де сөз болды. Аймақтық телевидение, радио, газет-  журналдар  бәсекеге қабілетті болу үшін  заманға сай өзгеру керек. Семинарға астанадан арнайы шақырытылған жаттықтырушылардың бірі - Informburo.kz ақпараттық - порталының бас редакторы Михаил Дорофеев. Ақпарат саласында тәжірибесі мол маман дәріс сабағында  журналистикадағы  жаңа бағыттар, тың тақырыптар, оң өзгерістер туралы айтты. Ол отандық  бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпараттық - сараптамалық электронды ресурстардың дамуына үлес қосқаны үшін президент жүлдесін жеңіп алды. Қаламды қару еткен тілші  жағымсыз жаңалықтарды шектеп, қоғамға пайдасын тигізер сапалы  аққпарат   әзірлеу керек деп санайды.