Жиында сөз етілген аударылған кітаптар АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндіктер мол, себебі тек кітап күйінде емес, электронды нұсқасы да қолжетімді. 100 kitap.kz сайтынан аталған үздік оқулықтар жөнінде қажетті мәлімет алуға да болады.
Барлық өңірде «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобалары үлкен жетістіктерге жетсе, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасыда 2029 жылға дейін жалғасын тауып, үлкен нәтижеге жететініне сенімдіміз! Себебі болашақ жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуы үшін маңызды жоба. Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс, дейді шараға қатысушылар.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы қазіргі жас ұрпақ пен елдің ертеңгі келешегі үшін тындырылып жатқан үлкен игілікті іс болды. 100 жаңа оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше болмақ. Жиналғандардың ортақ пайымы осындай.
Әсел Құдайбергенова