Сырбай Мәуленов атындағы гимназия қабырғасында білім саласына заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды жоба іске қосылды. Бұл оқу ошағында «AI-профориентолог» атты жасанды интеллект агентінің ресми түрде таныстырылымы өтті. Ол оқушылардың алдағы кәсіби бағдарын анықтаумен қатар, білім беру жүйесін инновациялық технологиялар арқылы жетілдіруге және заманауи еңбек нарығы талаптарына сай болуға жол ашады.