Өңірдің өткен 2025- жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары талқыланған кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға облыс басшылығы, мемлекеттік орган өкілдері, аудан-қала әкімдері мен сала жетекшілері қатысты. Отырыста негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, инвестиция тарту, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саланың өзекті мәселелері қаралды.