Конституциялық реформа – заң үстемдігіне негізделген маңызды қадам )) Конституциялық реформа – әділдік пен заң үстемдігіне негізделген маңызды қадам. Сарапшылар басты құжаттың жаңаруы халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түседі, дейді. Тұрғындар да өзекті мәселелерді дер кезінде қарауға жол ашатынын айтып жатыр. Зейнеткер Әлібек Темірбеков Конституция қабылданғалы әр өзгеріске мұқият зер салып, саяси науқандардан қалмай қатысып келеді. Бүгінде реформалардан кейін Президенттің кейбір өкілеттігі Парламентке беріліп, билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнады. Құқықтық жағынан да өзгеріс көп болды. Соның бірі – Конституциялық сот құрылды. Ал бұл жолы Ата заңымызда алғаш рет адвокатура туралы бап пайда болмақ. Бұл да – азаматтардың құқығын қорғау үшін жасалып отыр.