Енді салық төлеушінің қарызы 20 АЕК-тен, яғни 86 500 теңгеден аспайтын болса, шоттары бұғатталмайды. Былтыр 6 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болған жағдайда қарызды өндіріп алу шаралары қолданылатын. Ал, салық берешегінің сомасы 45 АЕК-тен асса, бұл дегеніміз 194 625 теңге, мұндай жағдайда өсімпұл есептеліп, шығыс операциялары бұғатталады. Және борышкердің шотындағы ақшадан берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.