Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Премьер-министрімен келіссөз жүргізді. Тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әуелі үкімет резиденциясында Шахбаз-Шариф, Мемлекет басшысын қарсы алып, салтанатты рәсім өтті. Содан кейін бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары орындалды.