Өңірде тіркелген әрбір екі қылмыстың біреуі Қостанайда жасалған. Облыс прокуроры дәл осындай мәлімдеме жасады. Әсіресе, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық көш бастап тұр, деді. Қылмыстың алдын алып, келеңсіз жағдайға жол бермеу мақсатында шаһарда «Айқын нәтиже» жобасы іске қосылмақ.